Бүгін төл теңгеміздің айналымға енгеніне 30 жыл толды

Бүгін, яғни 2023 жылғы 15 қараша күні Қазақстанның ұлттық валютасының айналымға енгеніне 30 жыл толды. Ұлттық валюта күні қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен де тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ортағасырлық түркі күміс монеталардың "денге" немесе "танга" деген тарихи атауы болған. Атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Жүз есе бөлігін "тиын" деп атады.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" Жарлығы шықты. Бұл мемлекетке толыққанды банк секторын қалыптастыруды бастауға да мүмкіндік берді.

1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға енді. Содан бері бұл күн ресми Ұлттық валюта күні болып саналады. 1993 жылдың 18 қарашасынан бастап теңге Қазақстан аумағындағы жалғыз заңды төлем құралы болды. Бүгінгі таңда теңге –  тәуелсіздіктің символы және мемлекеттің ақша жүйесінің негізі.

2023 жылғы 13 қараша күні мемлекте басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады. Тимур Сүлейменов президентке цифрлық теңгені іске қосуға дайындық жұмыстарының барысы және цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамыту жоспары жайында мәлімет берді.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: