Полицейлердің әзірлеген ұсыныстарына сүйенсек, ата-ана кәмелетке толмаған баланың интернеттегі қызығушылықтарына мүмкіндігінше бақылап отыру керек.
Жеке деректеріңізді бөгде адамдарға айтпаңыз. Таныс емес тұлғалардан түсетін достықты қабылдамаңыз, олардың нұсқауларын орындамаңыз. Ведомствоның кеңесі бойынша балаларға ешбір жағдайда желінің басқа пайдаланушыларына өздерінің дербес деректерін, яғни аты-жөнін, тегін, туған күнін, тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын, телефонын, фотосуреттерін және т.б. ақпаратты айтуға болмайтынын түсіндіру қажет.
Бұдан бөлек, әлеуметтік желі қолданушылары сенімге кіру үшін ойдан шығарылған деректерді, соның ішінде басқа адамдардың немесе тіпті балалардың фотосуреттерін пайдаланатын кездер болады. Осыған байланысты белгісіз адамдардан достықты қабылдамау және олардың бұйрықтары мен нұсқауларын орындамау ұсынылады.
Ең дұрысы – сұхбаттасып жатқан адамның парақшасын бұғаттау. Интернет қолданушылар тарапынан түскен қауіптерінен қорықпаңыз. Қашықтан қол жеткізу бағдарламаларды орнатпаңыз.
"Интернет-пайдаланушылар сізге қоқан-лоққы көрсетсе, уайымдамаңыз. Олар сізге де, жақындарыңызға да ештеңе істей алмайды. Олар әдетте балаларды бақылауға алу үшін қорқытады. Бірінші қауіп төнген кезде балалар бұл туралы ата-анасына, әпке-бауырларына, мұғаліміне және т.б дереу ұялмай, айту керек", – деп атап өтті ведомствода.
Сондай-ақ полиция қашықтан қол жеткізу үшін бағдарламаларды орнатпауға кеңес береді. Бұндай қосымшаларды орнатпас бұрын, ол туралы интернетте оқып, оның не үшін қажет екенін біліп алу керек.
ІІМ ата-аналарға ұсынады: баланы интернеттегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы хабардар етіңіз, сондай-ақ оны бөгде адамдар мен қажетсіз контенттен қорғауға көмектесетін ата-ана бақылауы, қауіпсіз іздеу сияқты параметрлерді қолданыңыз.