Қостанай облысында қалың тұманға байланысты екі тас жолда ішінара шектеу енгізілді

Сурет: pixabay
18 қарашада Қостанай облысында қатты тұман мен жол бойындағы көрінудің шектелуіне байланысты М - 36 - "Екатеринбург-Алматы" күре жолының Тобыл қаласынан Сарыкөл ауылына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазавтожол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сондай-ақ Қостанай облысында сағат 16:40-тан бастап жол бойындағы көрінудің шектелуі мен қатты желге байланысты "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының Әулиекөл ауылынан Октябрь ауылына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілетіні нақтыланады.

Айта кетсек, 18 қарашада синоптиктер 15 өңірде дауылды ескерту жариялаған болатын. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендеп, қар аралас жаңбыр жауатыны, тұман болатынын хабарланған.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді