Қарағанды ​​облысында екпіні күшті желден 14 ғимараттың шатыры қирады

Сурет: Қарағанды облысының ТЖД
Қарағанды облысының аумағында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейіп, салдарынан әкімшілік 14 ғимараттың (шамамен 3 947 шаршы метр) шатыры қираған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан атындағы аудандарда:

Шахтинскіде Шахтинск технологиялық колледжінің №2 оқу корпусының 3 қабатты ғимараты;

Бұқар жырау ауданында Андренниковка ауылы "Андрейниковка негізгі орта мектебі" КММ-нің жұмыс істемейтін бір қабатты ғимараты, Ботақара кенті "Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің бір қабатты ғимараты, Новоузенка ауылы М.Жүсіп атындағы ОМ КММ ғимараты;

Сурет: Қарағанды облысының ТЖД

Нұра ауданында Нұра кенті "М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 3 қабатты ғимараты және Нұра ауданы әкімі аппаратының 2 қабатты ғимараты, Кертінді ауылы мәдениет үйінің 2 қабатты ғимараты;

Осакаров ауданында Нияз ауылы "№22 жалпы білім беретін мектеп" КММ 2 қабатты ғимараты, Молодежный кенті "№12 Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ 3 қабатты ғимаратының шатыры қираған.

Сурет: Қарағанды облысының ТЖД

"19 қарашада облыста қар, тұман және көктайғақ түрінде жауын-шашын жауады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық тұрғынына жел күшейген кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және аса қажетсіз көшеге шықпауды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді. Ауа райының өзгеруін, облыс жолдарындағы қозғалыс туралы ақпараттарды, төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайттарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан қадағалаңыз", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған