Қазақстанның бірқатар өңірінде күн райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Сурет: Zakon.kz
ТЖМ Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында және Астана қаласында күн бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ ұсынған мәлімет бойынша, 22-23 қарашада Қостанай облысында жауын-шашын, облыстың батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп болжанды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с болады.

22 қарашада күндіз, 23 қарашада тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады болжанды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, 22 қарашада облыстың оңтүстігінде, шығысында, 23 қарашада облыстың оңтүстігінде, батысында кей уақыттарда 30 м/с болады.

22 қарашада күндіз, 23 қарашада тәулік бойы Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 22 қарашада облыстың солтүстігінде, 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 22 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Астана қаласынды 23 қарашада көктайғақ болады деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 22 қарашада кей уақыттарда екпіні 16-21 м/с, 23 қарашада екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі