Каспий циклоны Қазақстанға жаңбыр мен қар ала келеді

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 22 қарашаға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігі Оңтүстік Каспий циклонының ықпалында болады.

"Оңтүстікте қатты жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды", – деді синоптиктер.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 16-21 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +4+6°С шамасында.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +14+16°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз +13+15°С.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін