Таралған ресми ақпаратқа сай, ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғалар болмас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды.
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, бүгін, 22 қарашада Астанада екпіні 16-21 м/с болатын жел болады, 23 қарашада көктайғақ пен желдің екпіні 15-20 м/с, ал кейде 23-28 м/с болады деп болжанып отыр. Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Құтқарушылар қала тұрғындарынан далада сақ болып жүруді, төтенше жағдай туындағанда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге қоңырау шалуды сұрайды. Әсіресе көшеден өтер кезде өте мұқият болуға, сондай-ақ мектеп оқушыларын көктайғақ кезінде сақтық ережелерін сақтауға шақырады.
Қазіргі уақытта қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Айта кету керек, 24 қарашада Астанада көшпелі бұлт, кейде жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ болады деп болжанып отыр. Оңтүстіктен соғатын жел – 9-14 м/с, екпіні – 15-20 м/с. Ал ауа температурасы: түнде -2-4°С, күндіз 0,+2°С.