Қауіпсіздік бәрінен жоғары: Алматыда ШААЖ бойына тротуар жасалды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұзындығы 190 метрлік тротуар Алматы қаласының Медеу ауданындағы ШААЖ бойымен жанармай құю станциясынан аялдама кешеніне дейін жасалды.

Бұрын тротуар болмаған, жаяу жүргіншілер жол бойымен жүретін еді.

"Мен бұл жолмен жүремін, осында жұмыс істеймін. Бұрын жолдың шетімен жүретінбіз, көліктің астына түсуден қоқатынбыз. Жаңбырлы ауа - райында жол тайғақ болатын. Бәррімізге жайсыз еді. Қазір жақсы болды, барлығына ыңғайлы", - деп атап өтті Алматы қаласының тұрғыны Смағұл Маусымбаев.

Жоба Медеу ауданы әкімінің аппаратымен "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша іске асырылды. Ауданда осы бағдарлама бойынша барлығы 44 жоба қолға алынған. Бүгінде 34-і бойынша жұмыс аяқталды. Қалғандары осы жылдың қараша айының соңына дейін орындалады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды