Алматының Жетісу ауданында жылу беру уақытша тоқтатылады

Сурет: freepik
Алматының Жетісу ауданында кейбір ғимараттарға жылу беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 23 қарашада Жетісу ауданының Рысқұлов — Жансүгіров — Глазунов — Сейфуллин көшелерінің аумағындағы, сонымен қатар Құлагер, Дорожник және Айнабұлақ-1, 2, 3, 4 шағын ауданындағы бірнеше тұрғын және өзге де ғимараттарға жылу беру уақытша шектеледі.

"Сорғы станциясында ілмекті арматурасын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жылумен және ыстық сумен жабдықтауды уақытша шектеу енгізіледі", – делінген хабарламада.

Компания өкілдері түн ортасынадейін жылу мен ыстық су беру қалпына келтірілетінін атап өтті.

"Аталған ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – дейді "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметі.

Қандай да бір штаттан тыс жағдай туындаған кезде (су, бу, т.б. шығарындылар) өз бетінше әрекет жасамай, мына нөмірлерге хабарлауға кеңес береміз: +7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы), +7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін