Алматы облысында малдың қаны құйылған түтікшелер табылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Қызылшарық ауылының маңынан жүздеген қан құятын түтікше табылды. Тура Үлкен Алматы каналының жанында шашылып жатқан шыны ыдыстар қолданылған.

Кейбірі қанға толы. Жергілікті тұрғындар инфекциялық ауру таралып кете ме деп үйрейленіп отыр. Қазір полиция айналаны ластағандарды іздестіруде, деп жазады qazaqstan.tv.

Ветеринарлар бұл түтікшелер малдан бруцеллезге сынама алу үшін пайдаланатынын айтады.

Әрі ол барлық дәріханада сатылады. Сондықтан кез келген адам алып пайдалануы мүмкін деп отыр.

"Барлығы ол жерден біздер 610 дана қан алу жүйесін жинап алдық. Барлық пробиркалар өртеу тәсілімен жойылды. Біздің ветеринарлық қызметке келетін болсақ, біздер мұндай пробиркамен соңғы уақытта көктемгі уақытында ғана пайдаландық, 17-сі сәуірден бастап біз басқа пробирканы пайдаланып жатырмыз. Ол пробирканың қайдан шыққаны белгісіз." Еркін Биханов, Еңбекшіқазақ ауданының ветеринариялық станция басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

Биылдан бастап елімізде Ұстаздар күні бесінші қазанда атап өтілетін болды

Алматыда жер сілкінді