Солтүстік Қазақстан облысында төрт күн ішінде 11 мас жүргізуші ұсталды

Сурет: pixabay
Қарашаның 20-нан 30 аралығында өткізілетін "Құқықтық тәртіп" кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде солтүстікқазақстандық полицейлер жол қауіпсіздігін нығайтуға жұмысынан баса назар аударады.

Кезекті рейдтердің бірінде жолаушыларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталды. Петропавл қаласының 33 жастағы тұрғыны Toyota автокөлігімен заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысқан.

Полицейлер заңсыз тасымалдаушыларға сенбеу керектігін еске салады. Сақтандыру шарттары болмағандықтан олар жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігіне жауап бермейді.

"Сондай-ақ жедел алдын алу іс-шарасының 4 күні ішінде облыс жолдарында 1247 жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды", – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Өрескел бұзушылықтардың қатарында мас күйінде басқарудың 11 фактісі тіркелген. Ұсталған мас жүргізушілер 15 тәулікке дейін қамауға алуды және 7 жылға басқару құқығынан айыру түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ең жиі кездесетін қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбаудың 136 фактісі, сонымен қатар, көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлескен 106 жүргізуші жауапкершілік жүгін арқалады. Бұл бұзушылықтардың барлығы ауыр зардаптармен жасалатын жол көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ жолды белгіленбеген жерлерде немесе бағдаршамның тыйым салатын түсіне өтетін жаяу жүргіншілерге де жоғары назарға аударылады. Жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде шеңберінде 165 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды