Қазақстан Ғылым Академиясының ғимараты ерекше сәулет өнерімен таңқалдырады, ал бұл жобаның авторы Алексей Щусев болды. 1980 жылы бірегей ғимарат Республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енді.
Ғимаратта күрделі жөндеу жұмысы соңғы рет осыдан 10 жыл бұрын жүргізілген. Сол кезден бастап қасбетте жарықтар пайда болып, ластанған. Жылыту, сумен жабдықтау жүйелері тозып, кәріз құбырлары жарамсыз болып қалды, кондиционер жоқ, шатыр апатты жағдайда болды.
Сурет: Qazaq Stroy баспасөз қызметі
"Осы жылдың ақпан айында біз "Ғылым ордасы"ғимаратына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу туралы шешім қабылдадық. Осы мәселе жөнінде Алматы әкімдігіне жүгіндік. Белгілі болғандай, жергілікті билік мұнда ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап, оған үш миллиард теңгеден астам қаржы бөлген. Біз қаламызды көркейткіміз келгендіктен, бастамамызды қолдады. Сонымен қатар, біз жөндеу жұмыстарын толығымен өз есебімізден жасауды ұйғардық",- дейді Qazaq Stroy компаниясының басшысы Нұрлан Артықбаев.
Басты міндет тарихи нысанды жаңартып қана қоймай, Қазақстанның сәулеттік және монументалды-тарихи мұрасының бастапқы келбетін жаңғырту болды.
"Ғимарат 60 жылдан астам уақыт бұрын салынғандықтан, қазір ішкі және сыртқы жағдайына назар аудару қажет. Біз жөндеуді екі кезеңге бөлдік. Ғимараттың ауданы кішкентай емес, Алматы әкімдігінің аумағы секілді, шамамен 40 мың шаршы метр. Көктемде біз жобаны жасап, жазда жұмысқа кірістік. Өкінішке қарай, соңғы жөндеуден кейін кейбір тарихи элементтер сақталмады. Сонымен қатар біз заманауи ерекшеліктерді де енгіземіз", - дейді Нұрлан Артықбаев.
Сурет: Qazaq Stroy баспасөз қызметі
Осыған байланысты Qazaq Stroy компаниясы "Архрест" жобалық-қалпына келтіру компаниясының кеңесшілерін шақырды. "Архрест" мамандары ғимараттың тарихи бірегейлігі барынша сақталғанына көз жеткізеді. Жоба кеңес реставраторы, "Қазқайтажаңарту" трестінің бұрынғы басшысы Қанат Тұяқбаевтың мақұлдауына ие болды.
Жаңартудың бірінші кезеңі жыл соңына дейін аяқталады. Инженерлік жүйелер жаңартылды: су құбырлары, орталық жылыту, суық және ыстық сумен жабдықтау желілері ауыстырылды. Өрт және қауіпсіздік дабылы, интернет тоқтары жүргізіліп, қабырға артына жасырылды. Қасбеттің сылағы қабырғалардың түбіне дейін бөлшектелді, содан кейін қасбет жаңа технологиямен жасалды. Бұл 20 жылдан астам уақыт бойы ғимараттың қабырғаларын жарықтар мен ластың пайда болуынан сақтайды.
"Кабинеттерге жаңа жиһаз сатып алынып, мәжіліс залын ерекше етсек деген ойымыз бар. Біз мұнда акустикалық тақталар жасаймыз, өз кезегінде ол опералық театр атмосферасын сыйлайды. Сонымен қатар, кинотеатрдағыдай, жоғарыдан суық ауа келу үшін, желдету жүйесін орнатамыз. Орындықтар мен перделерді қызылдан сарғыш түске ауыстырамыз. Ішкі ауланың аумағы абаттандырылады. Мұнда қызметкерлерге арналған шағын демалыс саябағы болады",- дейді Qazaq Stroy директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Дархан Марқұмов
Сурет: Qazaq Stroy баспасөз қызметі
Жақын арада бүкіл ғимарат бойынша ауаны баптау және желдету жүйелері жаңартылады. Пушкин көшесі жағынан жылу желілерінің сыртқы құбырлары толығымен ауыстырылады. Академияның залдарында, кабинеттерінде жаңа жылыту радиаторлары орнатылды. Барлық залдар, соның ішінде мәжіліс залы қосымша жарықтандырылады, ғимараттың айналасы да жарықтандырылады. Академияны жөндеудің екінші кезеңі қаңтар айында басталып, келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2024-жылы Qazaq Stroy өз есебінен балалар онкологиялық орталығының құрылысын бастауға ниетті. Жобаның болжамды құны-50 миллиард теңге.
"Біз орталықты салып қана қоймай, құрылыстан кейінгі шығындарды да өз мойнымызға алғымыз келеді. Дәрігерлерімізді балаларды емдеуде озық әдістерді қолдану үшін шетелге тәжірибелік оқытуға жібереміз. Қазір біз аурухананы Астанада немесе Алматыда салу жөніндегі мәселені шешіп жатырмыз. Бұл мәселе шешілгеннен кейін құрылыс жұмыстарын бастаймыз",-дейді Qazaq Stroy компаниясының басшысы Нұрлан Артықбаев
Сурет: Qazaq Stroy баспасөз қызметі
Qazaq Stroy-қазақстандық ірі құрылыс компанияларының бірі. Алматы мен Астанада миллиондаған шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жұмыста құрылыстың салыстырмалы ауқымы бар жобалар іске қосылды. Компанияда сапаны бақылаудың көп сатылы жүйесі ұйымдастырылып, заманауи құрылыс технологиялары енгізілуде.