Астана әуежайында жолаушыларды тіркеудің жаңа әдісі енгізіледі

Сурет: freepik
Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 2023 жылғы 24 қараша күні ҚР Көлік министрлігі мәлім етті.

"ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Астана халықаралық әуежайына барып, ондағы қауіпсіздік жүйелері, пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету және әуежайдың жұмысымен танысты. Сондай-ақ әуежайда цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Онда әуежайды одан әрі дамыту перспективаларына қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, биометриялық сәйкестендіру мүмкіндігін енгізу. Нәтижесінде жолаушылар рейске тіркелу кезінде барлық қажетті операцияны жасай алады, құжаттарды өз бетінше толтырады және басып шығара алады. Сонымен бірге паспорттың электрондық нұсқасын толық пайдаланады", – делінген миниситрлік хабарламасында.

Бұған қоса, арнайы құрылған фокус-топ биометриялық сәйкестендіру бойынша жолаушыларды тіркеу бағдарламасын тест режимінде іске қосатынын мәлімдеді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін