Ақмола облысында көктайғақтан 200-ден астам адам жарақат алды

Сурет: pixabay
Ақмола облысында соңғы екі тәулікте 200-ден астам адам мұзға тайып құлап, ауруханаға жеткізілді. Басым бөлігі дене жарақатын алған.

Аяқ-қолы сынғандар да бар. Мертіккен 15 адам облыстық ауруханаға жатқызылса, қалғандары ем-дом шараларынан кейін үйлеріне жіберілді, деп жазады qazaqstan.tv.

Дәрігерлердің айтуынша, емдеу мекемелеріне жеткізілгендердің дені- егде жастағылар.

Жалпы өңірде тек қараша айында көктайғақтан зардап шеккен 1000-ға жуық адам медициналық көмекке жүгінген.

"Науқастардың көбі 50 жастан асқан. Көшеде, магазинге, жұмыс бабымен шыққанда құлап, екі қолы сынып кеткен. Қолы, аяғы сынған. Осындай жағдайлар өте көп болды." Әбдірашит Ниязов, травматолог-дәрігер
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі