Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігін алуға қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 2023 жылдың басынан бергі жол апатына қатысты деректерді алға тарта отырып, Қазақстан азаматтарына ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық жол апаты орын алып, 2 мыңға жуық адам мерт болды.

"Өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға қауіп төндірмеңіз! Жүргізуші куәлігін адал жолмен алыңыз!", делінген ведомствоның 27 қарашадағы хабарламасында.

Мемлекеттік корпорация мақсаты біліксіз жүргізушілерді болдырмауға бағытталғаны да нақтыланады.

"Жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтиханды қатаңдату мақсатында ЖЖЕ 3.0. жүйесі енді. Нәтижесінде, бір жарым ай ішінде теориялық емтихан бойынша 66 емтихан қорытындысының күші жойылды", делінген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарламасында.

Айта кетсек, 2023 жылы 3 қазанда Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев жүргізуші куәлігін алу процедуралары қатаңдатылғалы жатқанын хабарлаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды