Алматыда ҰҚШҰ операциясы басталды

Флаги ОДКБ, Организация Договора о коллективной безопасности, флаги стран ОДКБ, ОДКБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 15:37 Фото: akorda.kz
Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) "Канал – Каспийский маяк" субөңірлік операциясы басталды. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 28 қазанда ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Операция 26 қазанда ҰҚШҰ-ның есірткіге қарсы "Канал" өңірлік операциясы аясында басталған.

"Іс-шара есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі құзыретті органдардың өкілетті өкілдері кеңесінің шешімі негізінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында өткізіліп жатыр. Операцияға Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан өкілдері қатысуда", – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Иран, Қытай, ЦАРИКЦ, ЕАГ және КГПП СРТС СНГ өкілдерінің бақылаушы ретінде қатысуы көзделген.

"Операцияның негізгі мақсаты – есірткінің заңсыз айналымы арналарын анықтап, жолын кесу, оның мемлекеттік шекаралар арқылы өткізілуіне жол бермеу, сондай-ақ есірткі бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне қарсы іс-қимыл жасау", – делінген министрлік хабарламасында.

Операция аясында көлік инфрақұрылымы нысандарында, соның ішінде әуежайларда, теңіз және өзен порттарында, теміржол тораптары мен станцияларында іздестіру, бақылау-тексеру және жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу көзделген.

Тыйым салынған заттарды багажда, жүк жөнелтілімдерінде және халықаралық пошта арқылы тасымалдау деректерін анықтауға ерекше назар аударылады.

Бұдан бөлек, есірткі тарату үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты қылмыстарды анықтау, қару мен оқ-дәрінің заңсыз айналымының жолын кесу, сондай-ақ есірткі қылмыстарынан түскен кірістерді заңдастыру деректерін анықтау шаралары жоспарланған.

"Құзыретті органдардың халықаралық өзара іс-қимылы трансұлттық есірткі тасымалы арналарына қарсы күресте күш біріктіруге, жедел ақпарат алмасудың тиімділігін арттыруға және операцияға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді", – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Операция 2026 жылғы 26–30 қазан аралығында өтеді.

2026 жылғы 21 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі әскери техниканың Ресейге жөнелтіліп, кейін елге қайтарылуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасаған еді. Бұған Ресей аумағында ҰҚШҰ оқу-жаттығуларының өткізілуі себеп болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: