Таразда 14 шақырым жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға берілді

Бүгінде көне шаһар Тараздың көкжиегі кеңейіп, аумағы ұлғайып келеді. Соған орай көлік қозғалысы да көбеюде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әрине, бұл өз кезегінде тақтайдай тегіс жолдарға деген қажеттілікті арттырады. Осы мақсатта облыс орталығындағы жолдарды жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолын салу да назардан тыс қалған емес.

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әсіресе, мектеп, аурухана секілді әлеуметтік нысандарға баратын жолдар айрықша назарда.

Айталық, ағымдағы жылы қалада жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын 11 жоба бойынша жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Оның ішінде ұзындығы 8,7 шақырымды құрайтын 9 жоба бойынша орташа жөндеу және ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын 2 жоба бойынша қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Осылайша, Жүргенов, Братская, Иманалиев, Желтоқсан (Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейін), Сәтпаев, Қосанов, Сәрсенбаев, Саңырақ батыр, Шостакович, Жамбыл – Төле би көшелерінің қиылысы, №45 мектеп және №45 балабақша маңы, №7 және 9 ықшамаудандардағы мектеп пен балабақшаларға баратын және Б.Момышұлы көшесі, 4-бұрылысының тұрғындары жаяу жүргіншілер жолының игілігін сезінуде.

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Қазақстан Тараз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: