Елімізде мыңнан аса ақсақалдар кеңесі жұмыс істеп тұр

Сурет: Zakon.kz
Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде облыстық, аудандық, ауылдық деңгейде 1116 ақсақалдар кеңесі жұмыс істеп тұр.

Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асты. Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан "Ақсақалдар алқасын" құруды ұсынған болатын.

Мақсат - халық бірлігін нығайтуға бірлесе күш жұмылдыру, жастарды арандатушылықтан сақтау және оларға дұрыс жол сілтеу, деп жазады qazaqstan.tv.

Достық үйінде өңірлік ақсақалдар кеңесі төрағалары бас қосты. Олар қоғамдық институттың тиімділігі мен алдағы жоспарларын пысықтады.

"Қазір бәрі заңға жүгінеміз. Ол өте орынды. Дегенмен де сол заңға дейінгі көп жағдайда ауылдық деңгейде, ақсақалдар деңгейінде шешілетін мәселелер жеткілікті. Отбасылық жағдайлар бар. Балалардың арасындағы түрлі жағдайлар болады. Биылдың өзінде біздер "Казхром", "Облгаз" сияқты мекемелерде болып, ұжым қызметкерлерімен кездестік. Осының барлығы сол көп жағдайда көзге көріне бермейтін, бірақ түрлі жанжалдың алдын алу мәселелері деп білемін." Роман Рахиев, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі