Астанадағы тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған тұрғын бес тәулікке қамалды

Сурет: polisia.kz
Астанадағы тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам Тарас Шевченко көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінің ашық балконының кіреберісіндегі орынды былғағаны белгілі болған.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторлары түскен ақпарат бойынша сол аумаққа барып, қоғамдық тәртіпті бұзушыны анықтаған.

Полицейлер оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік іс қозғады.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 42 жастағы ер адам бес тәулікке қамалды. Ол арнайы әкімшілік қамауға алынғандардың қабылдау орталығына орналастырылды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін