Петропавлда пәтерде интимдік қызмет көрсеткендер анықталды

Сурет: Zakon.kz
СҚО полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Петропавл қаласында Абай көшесіндегі пәтерлердің бірінде эротикалық дене массажы қызметі көрсетілетіні туралы ақпарат келіп түсті.

"Stop-трафик" ЖПІШ шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтерде 46 жастағы әкімші, сондай-ақ 21 және 22 жастағы екі қыз ұсталды.

Бұл пәтерде олар ақша үшін эротикалық дене массажын істейтіндігі анықталды. Осы факт бойынша әкімшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі бойынша материал жиналды.

Аталған баптың санкциясы жеке және лауазымды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Мұндай фактілерді анықтау бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жұмысы тұрақты түрде жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін