Астанада мас күйде кеңседе төбелес шығарған азамат жауапқа тартылды

Сурет: Zakon.kz
Күндіз "102" арнасына әкімшілік ғимаратта масаң күйдегі ер адам жанжал шығарып жатыр деген хабар келіп түскен.

Жедел шақыру бойынша дереу жеткен Алматы аудандық полиция қызметкерлері жанжалға 30 жастағы бұрын кеңседе жұмыс істеген, үй иелерінің жақын туысының қатысы бар екенін анықтаған.

Ер адам мас күйінде ноутбукті қасақана бүлдіріп, қызметкерлермен төбелес шығарған. Бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Сот қаулысымен төбелескен азамат ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігімен (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) 10 тәулікке қамауға алынды.

Тәртіп сақшылар құқық бұзушыны Астана қаласы полиция департаментінің арнайы қабылдау орталығына орналастырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды