Еліміздің екі өңіріндегі республикалық маңыздағы тас жолдарда бес учаске жабылды

Сурет: pixabay
Ауа райының күрт нашарлауына, яғни қатты жел тұрып, қар түсуіне байланысты еліміздің екі өңіріндегі республикалық маңызы бар тас жолдардың бес учаскесінде көлік құралдарының қозғалысын шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола облысында тас жолдың екі учаскесінде ішінара шектеу енгізілді:

  1. "Көкшетау-Рузаевка" тас жолының 0-61 шақырымы, бұл - Көкшетау қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысына дейінгі аралық (жүк және жолаушылар тасымалы көліктері үшін)
  2. "Астана-Петропавл" тас жолының 304-341 шақырым аралығы, бұл - Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін (автокөліктің барлық түрлері үшін)

Солтүстік Қазақстан облысында тас жолдың үш учаскесінің бірі толықтай жабылса, екеуінде ішінара шектеу енгізілді:

  1. "Көкшетау-Рузаевка" тас жолының 61-91 шақырым аралығы, яғни Ақмола облысынан Саумалкөл ауылына дейін (жүк және қоғамдық көліктер үшін)
  2. "Астана-Петропавл" тас жолының 417-473 шақырым арылығы, яғни Рублевка ауылынан Бескөл қаласына дейін (автокөліктің барлық түрлері үшін)
  3. "Астана-Петропавл" тас жолының 341-417 шақырым арылығы, Ақмола облысы шекарасынан Рублевка ауылына дейін (автокөліктің барлық түрлері үшін).
"Республикалық маңызы бар тас жолдарда қабылданған шаралар аясында 402 бірлік техника, 631 адам жұмылдырылды", делінген хабарламада.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды