Украинадан әкелінген 60 бұғы Бурабайға қалай жерсінді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 13:18 Фото: zakon.kz
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі бүгін, 2026 жылғы 13 қарашада Бурабай ормандарында аскания бұғысының қалай пайда болғанын баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аскания бұғысы – Украинадағы "Аскания-Нова" қорығында бекзат бұғының бірнеше түр тармағын будандастыру арқылы алынған жануар.

1963–1966 жылдары Бурабайға Азов-Сиваш қорығынан 58 бұғы әкелінген. Ал 1984 жылы "Аскания-Нова" қорығынан тағы екі бұғы жеткізілген.

Жануарлар жаңа ортаға жерсініп, уақыт өте келе саны едәуір көбейген.

2023 жылғы санақ деректеріне сәйкес, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 1512 аскания бұғысы тіркелген.

Ұлттық парк қызметкерлері оларды жыл бойы бақылап, есебін жүргізеді, қорғайды және қосымша азықтандырады.

Экологтардың айтуынша, бұғыларды табиғи ортада кездестіру – сирек бұйыратын сәт. Мамандар мұндай жағдайда жануарларды мазаламауға шақырады.

"Оларды кездестіріп қалсаңыз, алыстан бақылаңыз. Шу шығармаңыз және суретке түсіру үшін жақындауға тырыспаңыз", – деп ескертеді мамандар.

Қызықты деректер

  • Аскания бұғысы 1960 жылдары қырым және кавказ бекзат бұғыларын солтүстікамерикалық вапитимен мақсатты түрде будандастыру нәтижесінде алынған.
  • Жазда жүні қанық жирен-қоңыр түсті болады. Қысқа қарай қалыңдап, сұрғылт қоңыр түске енеді. Сауырының тұсындағы ақшыл дағы анық көрінеді.
  • Аталықтарының мүйізі ірі, көп тармақты келеді. Олар жыл сайын қыстың соңында немесе көктемде мүйізін тастап, күзге қарай жаңасын өсіреді.

Бірнеше күн бұрын Алматыдағы Бас ботаникалық бақ әкімшілігі ежелгі дәуірден бері хош иісімен бағаланатын өсімдіктердің бірі – жебіршөптің тарихы мен ерекшеліктері туралы айтып берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: