Шымкентте қазақстандықтардың 56 млн теңгесін алдап алған әйел сотталды

Сурет: Zakon.kz
34 жастағы алаяқтықтың құрбаны болғандардың қатарында Тараз, Түркістан облысы және Шымкенттің 53 тұрғыны бар, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте қазақстандықтардан 56 млн теңгені алдап алған әйел сотталды. Ол алданған адамдарды электроника дүкендерінің бірінің филиалдарынан тауарлық несие алуға көндірген. Қарызды төлемеуге болатынын айтып, бұл сауда нүктелері жақын арада жұмысын тоқтатып, толығымен жабылады деп сендірген.

"Несиеге рәсімделген электрониканы аферист әйел құрбандарынан жарты сомасына сатып алып отырған. Алаяққа ұрынғанын сенгіш азаматтар ай сайынғы төлем туралы ескерту-хабарлама түскен кезде бір-ақ білген", - делінген хабарламада.

Бұл жайт бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізді. 

Ұсталған әйелдің кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинап, тергеушілер қылмыстық істі сотқа жіберді. Сот үкімімен оған 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді