Қазақстандық садақшылар Париж Олимпиадасында бақ сынайды

Сурет: olympic.kz
Садақ атудан Қазақстан командасы Бангкокте өткен Азия біріншілігінде Париж Олимпиадасына жолдама иеленді. Команда мүшелері бұл қуанышты жаңалықты қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылғы іріктеу турнирлерінен соң Қазақстан құрамасы Олимпиадаға лицензия алған бірінші команда атанды. Қазақстандықтар Азия біріншілігінде Жапния, Үндістан және Тайпейді жеңді. 

Ереже бойынша, жеңіске жеткен команда ғана жолдама алады. Алайда, Оңтүстік Корея құрамасы ерлер арасындағы лицензияларын әу бастан түгендеп алған, Қазақстан командасының финалға шыққаны жеткілікті болды. 

"Бұл сезімді суреттей алмаймын. Бақыт, қуаныш, жағымды эмоциялар бар. Қалай қобалжығанымызды көрсеңіз... Тек жеңіс туралы ойладық", - дейді команда мүшесі Александр Еременко. 

Тәжірибелі спортшы Ильфат Абдуллин өзіңе деген сенімді жоғалтпау керегін айтты. 

"Ең бастысы - өзіңе сену керек. Біз тек өзіміз туралы ойладық. Қарсыласты ойламауға тырыстық. Жеңіске деген жігер мен мінездің арқасында жетістікке жеткеніміз рас. Бұл - біздің ортақ жеңісіміз. Өз командама, өзіме сенемін. Парижде медаль аламыз деген ойдамын", - дейді Ильфат Абдуллин.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді