Еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Сенбіде, 9 желтоқсанда синоптиктер Қазақстанның сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайтынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер және Петропавл қалаларында тіркеліп отыр.

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынымық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ пайда болған кезде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз ауа райы жағдайында мыналар ұсынылады:

Айта кетсек, Қазақстанның жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланған болатын. Алматы, Павлодар, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Жетісу облыстарында қар жауып, тұман түсіп, кейбір өңірде -42 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі.

Ақтөбе
Қарағанды
Петропавл
Өскемен
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды