СҚО полицейлері жыл басынан есірткі өткізудің 104 фактісін тіркеді

Петропавлдағы жатақханалардың бірінде тұратын әйел бөлмесінде есірткі сатқан. Әрі сол жерде есірткі қолдануға рұқсат берген. Бұдан бөлек, төртінші сыныпта оқитын қызын тәрбиелеп отыр.

Полицияға бұл жағдай туралы жандары ашыған жатақхана тұрғындары хабарлады. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ақпаратты тексерді. 47 жастағы қала тұрғыны "тұз" деген атаумен белгілі α-PvP есірткісінің төрт түйіншегімен ұсталды.


"Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді", — деп атап өтті СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Баптың санкциясы 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Күдікті күзетпен қамауға алынды. Қыз бала әжесіне берілді.

Ол жақын арада қамқорлық ресімдеуді жоспарлап отыр. 11 айдың ішінде облыста есірткі өткізудің 104 фактісі тіркелді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: