Достарымен отырыс жасап,бас қосу, ойын-сауық орнату Жандосқа қиынға соғады. Себебі, жолдастарының келіншектері жақтырмайды. Тіпті сондай сәттің орын алған күнінің өзінде де, кеш қайтатын күйеулерімен әйелдерінің арасында дау-дамау туындап, ара-қатынастары бұзылады.
Куйеулерінің көп қыдырғанын қаламайтын әйелдері, бұл досын ешқандай жолмен алыстата алмайтынын түсініп, әрекет жасауға бел буады. Сондағы шешімдері Жандосқа қалыңдық іздеу. Әр демалыс сайын түрлі қыз-келіншектермен таныстырады, ұнамайды. Ал, Жандос әбден мезі болады. Бір күні Жандос "бұл тансыстықтардан түк шықпайды, мен жалықтым, менімен танысуға келген кыз өзі мені ұнатпай қалатындай жағымсыз кейіпте барайын, сосын бұл әңгіменің нүктесі қойылады"- деп шешім қабылдайды.
Сурет: Golden Man Media
Бірақ дәл сол күні басты кейіпкерімізбен кездесуге келген қыз өте сымбатты, ақылына көркі сай – Әйкерім есімді кейіпкерге Жандос бір көргеннен ғашық болып қалады.
Барлық қызық дәл осы езеңде басталады дейді туынды авторлары. Себебі көңілін қайтарған жас қыздың ойынапн шығып, өзіне ғашық қылу үшін басты кейіпкеріміз түрлі қадамдарға барады. Тіпті, жұмысын ауыстырып, ең төменгі санаттағы қызметті жасауға да келіседі.
Сурет: Golden Man Media
Әрине, веб сериалда таңдалған актерлер тізімін байқасаңыздар танымал блогерлер мен комедиялық персонаждарға көп, демек туынды сөзсіз қызыққа және қүлкіге толы болатыны сөзсіз. Себебі оқиға легі комедиялық шиеленістерге негізделген. Әр сенбі сайын жарық көретін бұл туынды да Жандос нағыз ер азаматка сай әрекеттерге барып, тіпті қызметтік мансабында да жетістіктерге жетеді. Сонымен қатар картинада бұдан бөлек автомобильдерді құрастыру мен бөлшектеу ерекшеліктерін көрсетеді.
Сурет: Golden Man Media
Қазіргі таңда көрермен сюжеті ұзақ, күрделі сериалдардан тез жалығады. Ал, веб-сериалдарда көркемдік стилистика бар, әрі оқиға кезегіжылдам өрбиді. Қысқасы нағыз өміршең веб-сериалды ерге де әйелге де, жасқа да кәрігеде көріге болады деген тұжырымға келуге болады. Жақсы көңіл-күй мен әсерлі эмоция сыйлады.
Сурет: Golden Man Media
Продюсері: Рехимжан Савуров
Режиссері: Төребек Бейсебаев
Сценарий: Дархан Қорғамбеков, Олжас Сәрсенбаев
Рөлдерде: Дәулет Исраил, Динара Мирасбек, Азамат Чукеев, Төлепберген Байсақалов, Гульмира Жакилина, Аңсаған Садирханов және т.б.