Астанада 274 отбасы тұрғын үй құрылысына ақша салып, зардап шекті
Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада Mardan тұрғын үй кешенінің құрылысына азаматтардың қаражатын заңсыз тарту дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда прокуратурасының 2026 жылғы 22 қыркүйектегі мәліметінше, күдіктілердің әрекетінен 274 отбасы зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын 4,1 млрд теңгені құрады.
Үлескерлердің қаражаты қажетті рұқсат құжаттарынсыз тартылып, мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды. Құрылыс жұмыстары да заң талаптарын бұза отырып жүргізілген.
"Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында сот жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салды", – деп хабарлады Астана прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта төрт күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
"Азаматтарды салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмас бұрын қажетті рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеруге шақырамыз", – делінген прокуратура хабарламасында.
Бұған дейін, 2026 жылғы 25 тамызда Алматыдағы үлескерлер құрылысы аяқталмаған коттедждер үшін төлеген ақшаларын қайтаруды талап еткені хабарланған еді. Олар төрт жыл бұрын коттедж құрылысына қаражат салғанымен, баспаналарын әлі күнге дейін ала алмаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript