Алматы полициясы қызды топтасып зорлау оқиғасы туралы: Бір адамның аты-жөні анықталды

Сурет: phxere
2023 жылдың 12 желтоқсанында "Не молчи" қоғамдық қоры жан түршігерлік оқиға туралы айтты: Алматыда төрт жігіт қызды зорлады. Қалалық полиция Zakon.kz сайтына сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, бұл 2023 жылдың 16-17 қарашасы аралығында болған.

"Қыз әпкесі мен оның досы үшеуі дүкенге шыққан. Қайтып келе жатқанда досы өзін нашар сезініп, көлік тоқтап, жүргізуші оларға көмек көрсетуге ұсыныс жасады. Әпкесі мен досы көліктен шыққанда жүргізуші жас өызды қайта шақырған. Яғни көлікте заттарды ұмытып кеткенін сылтауратқан. Қыз бұл заттарды алмақшы болған, жүргізуші сол сәтте оны көлікке итеріп кіргізіп, алып кеткен", - делінген ресми хабарламада.

Ал, қалалық полиция болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Алматының полиция департаменті аталған факті бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктілердің бірінің жеке басы анықталып, іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қазір қылмысқа басқа қатысушыларды ұстау үшін жұмыс жүріп жатыр." Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізілуде.


"Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп қорытындылады полицейлер.

Бұған дейін Алматыда екі полиция капитаны 14 жастағы жасөспірім қызды зорлағаны хабарланған болатын. Кейін Ішкі істер министрі бұл деректі растады. Оның айтуынша, олар қылмыстық іс аясында қамауға алынған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Қазақстанның үш өңірінде тұрғындар референдумға дауыс беруге кезекте тұр

Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумда дауыс берді