Жамбыл облысынан Шымкентке дейін жол жабылды: салдарынан көліктер жиналып қалды

Көлік министрлігінің ахуалдық орталығында Түркістан және Жамбыл облыстарындағы қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты жедел штаб құрылды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта қолайсыз ауа райына, жолдың көрінбеуіне және секундына 43 метрге дейін желдің қатты екпініне байланысты Машаттан Шақпақ бабаға дейін жол жүру қиындай түсті.

Жол қызметтері тазалау жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр, бірақ жолдың көрінбеуінен бұл қиынға соғып жатқан көрінеді. Жамбыл облысынан Шымкентке дейін көлік қозғалысы шектелді. Салдарынан көліктер жиналып жатыр.

"Жергілікті органдар ТЖ қызметімен, жол полициясымен және жол қызметтерімен бірлесіп, жүргізушілер мен жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырды. Шақпақ баба учаскесінде 35-ке жуық автокөлік қар құрсауынан шығарылып, жылыту пункттеріне жіберілді. Ауа райы болжамы қолайсыз жағдайлардың келесі күні ғана аяқталатынын көрсетеді. Автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі үшін жақын маңдағы елдімекендерден, соның ішінде ірі қалалардан сапарға шығудан бас тартуды сұраймыз. Сондай-ақ, егер сіз жолда қалсаңыз және қоңырау шалу мүмкіндігі болса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа алатыныңызды еске саламыз". ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: