Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Алматыда жауын-шашын алдағы аптада да болатынын, бірақ аяздың беті қайтпайтынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалдарының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 16-22 желтоқсан аралығында оңтүстік астанада қар, көктайғақ болады, ал түнде қатты аяз өз күшіне мінетіні болжанады. 

16 желтоқсан: аспан бұлтты, күндіз қар жауады. Түнде ауа температурасы: -11°C...-13°C, күндіз: -4°C...-6°C.

17 желтоқсан: аспан бұлтты, түнде қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -10°C...-12°C, күндіз: -3°C...-5°C.

18 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -8°C...-10°C, күндіз: 0°C...-2°C.

19 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -3°C...-5°C, күндіз: +1°C...+3°C.

20 желтоқсан: аспан бұлтты күн райы жауын-шашынды, негізінен қар түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -1°C...-3°C, күндіз: +1°C...+3°C.

21-22 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -5°C...-7°C, күндіз: -1°C...-3°C.

Айта кетсек, синоптиктер алдағы мерекелік демалыс күндеріне арналған Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: