Атырау облысында күйеу баласын пышақтап өлтірген әйел ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Атырау облысында күйеу баласын пышақтап өлтірген әйел ұсталды. Оқиға Құлсары қаласында болған. Отбасындағы жанжал кезінде 57 жастағы әйел күйеу баласына пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Суық қарудан 27 жастағы жігіт тіл тартпай кеткен. Марқұм күдіктінің қызымен азаматтық некеде тұрған екен.

Полицейлер бұл отбасында жанжал жиі болатынын айтып отыр. Ал қайтыс болған азамат әйелін ұрып-соққаны үшін бірнеше мәрте әкімшілік қамауға алынған екен. 

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

"1996 жылы туған ер адамның бұрын отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бергені үшін екі рет әкімшілік қамауда болғаны анықталды. 1986 жылы туған жәбірленушінің қаза тапқан азаматтың әйелінен және көршілерінен, барлығынан жауап алынып, қылмыс тергеліп жатыр".Атырау облысы полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды