Астаналық әйел бірге тұрып жүрген адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен

Сурет: видео скрині
Оқиға 20 желтоқсанда Қосшы қаласында болған. Полицияға ЖШС басшысы, елорда тұрғыны өтінішпен жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған.

Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке бар деп мәлімдеген. 52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек