"Shacman" жүк көлігінің елімізде жүруіне тыйым салынатын болады

Сурет: pixabay
"Shacman" секілді жүк көлігі шұрық-тесік етіп, жол сапасын құртады. Ал ақылы жолға төленетін ақша бұл шығынды өтемейді. Сондықтан бұл көлік түрін пайдалануға біздің елімізде тыйым салынады. Министрлік шектеу 2026 жылы енгізілетінін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Астана қаласының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Сондай-ақ министрдің айтуынша, алдағы уақытта елордаға кіріп-шығатын жолдардың барлығына 220 камера қойылмақ. Ол автоматты түрде техникалардың салмағын өлшейтін болады. Егер тиісті мөлшерден артық жүк болса, бірден айыппұл салынады, деп хабарлайды Astana.tv.


"Жолдың сапасын құртатын жүк көліктерінің бірі - "Shacman". Басқа елдердің бәрінде бұл техника тек карьерде жүреді. Бізде ғана магистральды жолдарда жүруге рұқсат етілген. Шектеуді биыл қоямыз дегенбіз. Бірақ кәсіпкерлердің де жағдайын ойлаған дұрыс. Қазір елімізге дәл осы техника ағылып келіп жатыр. Батыс Қазақстан облысына барсаңыз жаңа жолдардың өзі ойылып кеткен. Ал бұл жолдарды салуға бюджеттен қыруар қаржы жұмсалды". ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев

Айта кетсек, ұшақтың апатты есігін ашып жібірген алматылық жолаушы қандай жаза арқалайтыны белгілі болды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді