Журналист Әйгерім Есенәлі жаңа челлендж бастады

Сурет: Instagram/yessenali_aikerim
Жыл соңыңда белгілі журналист Әйгерім Есенәлі жаңа челлендж бастады. Жаңа челендж мақсаты - жылды қорытындылап, өз жетістіктерімен бөлісу, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен осы жылы Ақпарат саласының үздігі медалін кеудеме тақтым. Медиа саласындағы 23 жылдық еңбегім үшін "Ерен еңбегі үшін" наградасын алдым. "Өмір көркем" бағдарламасында 500-ден аса адаммен сұхбат құрдым, "Сөзің өтімді болсын" курсында да жақсы көрсеткіш байқалады. Қызымның жетістіктері де қуантады, ол бірнеше халықаралық байқауда топ жарып қуантып жүр. Барды бардай атап өтетін бейбіт жылдың өткеніне шүкір. Өткенімізге өкінбей, ертеңімізге үміт артып, қуат жинау үшін Өз нәтижелеріңізді қадірсіз қалдырмаңыздар", деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Өткен күнге көз жүгіртіп, оқырмандарға жетістіктерін бөлісу үшін Әйгерім эстафетаны әріптесі, сән саласында тәжірибесі бар Динара Сәтжанға, отандық футболды алға сүйреуге атсалысып жүрген Асхат Тағыберген мен жақында радио ашқан әнші Мейрамбек Бесбаевқа жолдады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады