Павлодарда иттің кесірінен теледидар көре алмаған тұрғын полицейлерді шақырды

Сурет: pixabay
Павлодардағы тұрғын үйдің бірінде көршінің итіне шағымданған тұрғын "102" нөміріне хабарласқан, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Көршілер жұмысқа кеткен сайын олардың иттері үреді. Мен үйде кішкентай баламен отырамын. Иттің үргенінен күні бойы шаршаймын. Тіпті, бөлмемдегі қосулы тұрған теледидардың дыбысын естімеймін. Көршілерге қанша рет өтініш білдірдім, алайда мәселе шешілмей жатыр", - дейді әйел.

Полицейлер иттің иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. 

"Иттің үргенін қатты музыка сияқты өшіріп тастауға болмайды. Біз үйде болған кезде бәрі тыныш болады", - деді иттің иесі.  

Айта кетейік, заң бойынша, сағат 22:00-ден кейін полицейлерге иттің қатты үрейіне қатысты шағымданса, жануардың иелері  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы бойынша жауапқа тартылады. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті