Астана халықаралық әуежайында дабыл жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметі әуежай аумағында дабыл жариялады. Астанадан Алматыға КС954 рейсімен ұшқалы тұрған 44 жастағы азамат теркеу кезінде жол жүгінде қару мен есірткі алып бара жатқанын жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежай қызметкерлері бірден "қауіпті" жолаушы тұрған аймақты қоршауға алып, Мемлекеттік күзет, Ұлттық қаіпсіздік қызметі, терроризмге қарсы орталыққа жедел хабарланды.

"Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі жолаушының қол жүгін тексеріп, жолаушыны желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырды. Жолаушы желілік полиция қызметкерлеріне берген түсініктемесінде қол жүгінде қару мен есірткі барын әзіл ретінде хабарлағанын жеткізген".

ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің нұсқамасымен Астана халықаралық әуежайында дабыл алынып тасталды.

Күдікті аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы ("Дайындалып жатқан терроризм актісі бойынша жалған ақпарат тарату") бойынша 5 000 АЕК (17 миллион теңгеден астам) көлемінде айыппұл төлейді немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды

"Қайрат" сапындағы соңғы ойнында Дастан Сәтпаев дубль жасады

"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздегі Ұлттық музейге жаңа мәртебе берілді