Экономика өсіп, инфляция төмендеп жатыр - Смайылов

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов 24KZ телеарнасына берген сұхбатында 2023 жылғы ЖІӨ және инфляция бойынша болжамды көрсеткіштер мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі тапсырмаларының орындалуы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жаһандық нарықта қалыптасқан қолайсыз факторларға қарамастан, биыл еліміздің экономикасы тұрақты өсіп келеді. Егер өткен жылды 3,2% өсіммен аяқтасақ, осы жылдың 11 айында экономиканың өсуі 4,9% болды. Ал жылдың қорытындысы бойынша осы өсім 5%-ға жақын болады". Әлихан Смайылов

Экономиканың барлық негізгі салаларында оң динамика қалыптасып отыр. Мәселен, құрылыста өсім 13%, саудада – 11%, байланыс секторында – 8%.

"Экономикалық өсудің негізгі драйвері - инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15%-ға өсіп, 15 трлн теңге болды", - деді Премьер-министр.

Биылғы басты сын-қатерлердің бірі инфляция болды.

"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Үкімет алдына инфляция деңгейін екі есеге төмендету міндетін қойды. Ол үшін Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, жедел және орта мерзімді іс-шараларды жүзеге асырды. Осы жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 9,8% маңайында болады деп күтілуде. Бұл – инфляция екі есе төмендейді деген сөз. Келесі жылы біз инфляция деңгейін одан ары, яғни 6-8%-ға дейін төмендету үшін жұмысты жалғастырамыз. Өзімізге осындай мақсат қойып отырмыз".Әлихан Смайылов
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел