Елордада түнгі уақытта 2 мыңнан астам жүк көлігімен қар шығарылды

Сурет: Астана әкімдігі
Қыс басталғалы елорда көшелерінен 890 мың текше метр қар шығарылды. Бұл – 67 мыңнан астам рейс жасалды деген сөз.

Қаңтардың 1-нен 2-не қараған түні елорда көшелерінен 30 654 текше метр қар немесе 2 204 рейс қар шығарылды. Қала тұрғындарының қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Астана көшелеріндегі қарды күреуге 1500-ден астам арнайы техника мен 2 500-дей жол жұмысшысы жұмылды.

Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар жүк көліктерінің нөмірлерін оқу жүйесімен жабдықталған. Ол жерде бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.


"Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын жолда абай болуға, жол ережесін сақтауға және алыс сапарға шықпауға кеңес береміз".Астана әкімдігі
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді