Қазақстандықтарға eGov порталындағы өзгенің балалары тіркелген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Сурет: gov4c.kz
2024 жылдың басынан бастап қазақстандықтар e-Gov электронды үкімет порталында өзгенің балалары өздеріне бекітілгеніне шағымдана бастады. Неліктен бұлай болғанын Zakon.kz тілшісіне "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ" АҚ) баспасөз қызметі түсіндірді.

"ҰАТ" АҚ сендіргендей, бүгінгі күні eGov порталы деректер базасында тіркелген барлық балаларды көрсетеді.

"Сирек жағдайларда, цифрлық құжаттарда кейбір балалар ата-аналарда мүлдем көрсетілмеуі немесе қате көрсетілуі мүмкін. Дегенмен, бұл олардың төлемдерді алуына әсер етпейді және ата-ана мен бала арасындағы туыстық қарым-қатынас тек цифрлық құжаттарда анықталмағанын білдіреді. Қазақстан азаматы болып табылатын әрбір бала Egov порталында көрсетілген деректерге қарамастан Ұлттық қордан төлемдер алады", - деді Zakon.kz тілшісіне "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін "Баланы қосу" функциясы енді цифрлық құжаттар бөлімінде қолжетімді және бұл функцияны пайдалану үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:

  1. eGov Mobile мобильді қосымшасын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.
  2. Цифрлік құжаттардағы "Отбасы" бөліміне өтіп, "Баланы қосу" түймесін басыңыз.
  3. Осыдан кейін "Балалар туралы ақпаратты жаңарту" қызметі ашылады, ондағы барлық жолдарды толтырып, туу туралы куәлікті тіркеп, өтініш беру қажет.

Өтініштерді АХАЖ қызметкерлері 2-ден 5 жұмыс күн ішінде қарастырады. Өңдеу аяқталғаннан кейін сіз хабарлама аласыз және бала жайлы ақпарат цифрлық құжаттарда пайда болады.

Осы қадамдарды орындау арқылы сіз eGov.kz және eGov mobile цифрлық құжаттарында балаңызбен туыстық қарым-қатынас орната аласыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек