Маңғыстауда аққулар жаппай қырылып жатыр

Сурет: pixabay
21 желтоқсан күні "Қарақия-Қаракөл" қаумалына қарасты Қаракөлдің аумағынан 30 ға жуық өлі аққу табылған еді. Содан бері инспекторлар жағалауды күнде тексеруде. Нәтижесінде бүгінге дейін 412 өлексе жиналды.

Қырылған құстардың 90 пайызы аққудың балапандары. Зерттеулердің қорытындысында қанаттылардың құс тұмауынан өлгені анықталды.

Мамандардың айтуынша аққулар әлсіз, сондықтан вирустық инфекцияға төтеп бере алмай қырылып жатыр.

Өйткені, Қаракөлде қоректік заттар жоқтың қасы. Оның үстіне көл соңғы жылдарда айтарлықтай таязданып, аумағы кішірейген, деп жазады qazaqstan.tv.

Соған қарамастан кемінде 5-6 мың аққу қыстап қалған. Айта кететін жәйт, өлген құстар сыбырлақ аққу деп аталады. Олар Қазақстанның Қызыл кітабына енбеген.

Бұрындары құстар көлге келеді. Осы жерде белгілі бір уақыт болады, сосын қоректік заттарын жинап, тынығып алғасын, ары қарай оңтүстікке қарай ұшатын еді. Биылғы келген құстар көбі қастап қалып жатыр. ары қарай кетпей жатыр. Қоректік заттар бұрынғыдай жоқ, әлсіз. Ары қарай ұшып кетуге кұш жинап үлгермеген болуы мүмкін. Ғаббас Досатов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді