Астаналық тұрғын жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кеткен

Сурет: ҚР ІІМ
Есіл аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, азаматша танымайтын біреуге өзінің пәтерін жалға берген.

Белгісіз азамат жалдамалы пәтерде бір күн тұрған. Үй иесі тәулік өткен соң жалдап алушыны шығарып, пәтерінің кілтін алмақшы болғанда ол үйде болмаған.

Сондай-ақ күдікті азамат үйден кетерінде жәбірленушінің үйінен Samsung Smart TV телевизорын алып кеткені белгілі болған.

Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы азамат анықталып, ұсталған.

Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берген. Алайда ұрлаған олжасын ломбардқа өткізіп жібергені белгілі болған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында айғақты зат тәркіленіп алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді