Елордалық полицейлер есірткі сатушыны "жұмыс орнында" ұстады

Сурет: polisia.kz
Елордада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні таратушыны қоғамдық орында кезекті есірткіні жасырып жатқан жерінен ұстады.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні таратушыны тікелей "жұмыс орнында", қоғамдық орында кезекті есірткіні жасырып жатқан жерінен ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Интернациональный кентіндегі көшелердің бірінде 20 жастағы жігіт ұсталды.

Жеке тінту барысында күртесінің қалтасынан салмағы 80 граммнан асатын Alfa PVP синтетикалық есірткісі оралған 87 түйіншек табылып, тәркіленді.

Ұсталғанның берген айғағына сүйенсек, осылайша ол жеңіл ақша таппақшы болған, өзінің тауарын қоғамдық орындарда қалдырып, интернет дүкен арқылы байланыссыз әдіспен сатқан. Көбінесе жеке сектор ауданында, шағын саябақтар мен аллеяларда жол бойында жасырын орындарда қалдырған.

Жедел-тергеу шаралары барысында жігіт өз кінәсін мойындап, мойындау көрсетпелерін берді. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бұл мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ұсталған адамның сыбайластарын анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған