Астана халықаралық әуежайының хабарлауынша, аэродром қызметкерлері қолайсыз ауа райында жұмыс істейді.
"10 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды. Сағат 14:00 мен 20:00 аралығында желдің жылдамдығы секундына 22 метрден 27 метрге дейін жетуі мүмкін. Мұндай ауа райында рейстер тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін". Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
Әуежай өкілі аэродромда қалың қар жауып, желдің жылдамдығы 10 м/с, жел екпіні 15 м/с жеткенін түсіндірді.
"Бүгінде елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған. 7 рейс әуе компанияларының техникалық себептеріне байланысты кейінге қалдырылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы тіркелген жоқ. Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
Сондай-ақ, аэродромды қалың қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды. Қазір бұл жұмысқа 10 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
"Ұшулар туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан алуға болады. Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы анықтамалық қызмет көрсетуге болады: 8 (7172)702-999". Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
Бастауыш сынып оқушыларының қашықтықтан оқытуға көшуіне елордадағы қолайсыз ауа райы да себеп болды.