Алматы әлемнің 52 туристік жерлердің қатарына қосылды

Сурет: unsplash
Алматы биыл саяхаттап бару керек әлемнің 52 туристік орынның бірі. The New York Times дәстүрлі рейтингін жариялап, оңтүстік шаһарды үздік туристік бағыттар тізіміне қосты.

2024 жылы баруға тұрарлық орындардың басында Мауи, Париж, Женева сияқты белгілі туристік шаһарлар тұрса, Алматы қаласы тізімнің бел ортасында орналасқан.

Яғни, Австриядағы Вена мен Мысырдың Хургадасын да жоғары тұр. Басылымның айтуынша, Алматы сан алуан көрікті жерлерімен және тағам мәзірінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді, деп жазады qazaqstan.tv.

"Ұн, су және етке негізделген нео-көшпенділер асханасы - гипер-заманауи стильді паш етеді" дейді мақалада. Шаһар орта азия өңірінен рейтингке енген жалғыз қала болды.

Бұған дейін біздің еліміз 2017 жылы ЭКСПО көрмесі қарсаңында осы тізімге қосылған еді. Былтыр 9 айда Қазақстанға келген туристердің саны қырық пайызға өсіп, 835 мыңнан асқан.

Оның ішінде елімізге саяхаттап келетін америкалықтың да саны артқан. Ал белді басылымның биылғы тізіміне Алматыны қосуы шетелдіктердің қызығушылығын одан бетер арттыруға сеп болуы тиіс.

"Қазақстан туралы хабарым бар, саяхаттау үшін тартымды жер деп санаймын. Сондықтан бір күні қыдырып барамын деп ойлаймын. Оның үстіне The New York Times өте сенімді басылым. Сондықтан газеттен қандай да бір мақала жарияласа ол міндетті түрде көптің назар аударады."Грейс Клунатский, АҚШ тұрғыны
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Алматыда жеке клиникада баланы сүндеттеген дәрігердің ісін арнайы комиссия қарамақ

ШҚО-да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды