Алматыда көлік ұрлаған адам Жамбыл облысында ұсталды

Сурет: видео скрині
Алматыда көлік ұрлаған күдікті республикалық маңызы бар Алматы – Ташкент тасжолының 160 шақырымындағы "Отар" бекетінің төңірегінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mercedes-Benz Vito көлігінің ұрланғаны туралы Алматы полициясы хабарлаған. Көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қылмысқа қатысы бар күдікті Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылып, жәбірленуші полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада түнде -15 градусқа дейін аяз болады: үш мегаполистің бес күндік ауа райы болжамы

Тоқаев мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді

Әбдез Рахманұлы: Мәслихат – халық мүддесін білдіретін маңызды өкілді орган

Димаш Құдайберген Перу телеарнасына сұхбат беріп, өмірдегі басты мақсатын айтты

Шымкентте белгілі актерлер Нүркен Иманқұлов пен Шапағат Орынбаев дауыс берді