Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізу үшін "Квиринале" сарайына барды

Сурет: akorda
Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізу үшін "Квиринале" сарайына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы Италия Президентімен келіссөз жүргізу үшін "Квиринале" сарайына келді Қасым-Жомарт Тоқаевты Сержо Маттарелла қарсы алды", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.


Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барғанын хабарлаған едік.

Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Президент "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды