Шығыс Қазақстан облысында пәтерге ұрлыққа түскендер ұсталды

Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері пәтер ұрыларын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігі тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығында ұрлық жасау мақсатында басқа өңірлерден келген бұрын сотталған екі ер адамды анықтаған.

Қаңтар айының басында қылмыскерлер өздерінің қылмыстық ойын іске асыру мақсатында Өскемендегі үйлердің біріне кіріп, алтын бұйымдар мен күзен тонды ұрлаған. Кейіннен ұрланған заттардың бір бөлігі жалдамалы пәтерден тәркіленген. Олар алтын бұйымдарды тиісті жерлерге өткізіп, ал түскен ақшаны жұмсап үлгерген.

Сурет: polisia.kz

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің біреуі соттың санкциясымен қамауға алынды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін