ҰБТ-ға қалай тегін дайындалуға болады

Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты одан әрі жақсарту мақсатында жағдай жасап жатыр.

Оқу жылының басында ҰТО-ның сайтында ҰБТ-ға дайындалуға ұсынылған оқулықтар тізімі, үлгілік тест тапсырмалары, тест спецификациялары және жоспары жарияланды.

Талапкерлерге жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндерінен Тарих институтымен бірлесіп бекітілген 100 дата тізімі ұсынылды. Тестілеу барысында датаға қатысты кездесетін сұрақтар тек осы хронологиялық кестеден болады.

Сондай-ақ, ҰБТ-да "Қазақ әдебиеті" мен "Орыс әдебиеті" пәндерінен кездесетін шығармалар тізімі (мектеп бағдарламасынан), сондай-ақ "Информатикадан" ҰБТ сұрақтарында кездесетін немесе сұрақтың мазмұнын түсіну үшін қажет терминдер тізімі ҰТО сайтында орналастырылды.

"Талапкерлерге тиімді болу үшін ҰБТ-ға дайындалуға арналған байқау сынақтарын іске қостық. Байқау сынағын өту кезінде түсуші тест тапсырмаларымен танысуға және таңдаған пәндері бойынша өзінің білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алады. Менің ойымша, бұл балаларға өз дайындықтарын одан әрі жақсартуға көмектеседі", - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар 2024 жылғы түлектер үшін білім беру орталықтарының қолдауымен тегін онлайн сабақтар жүргізіліп жатыр. Бұл сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында тікелей эфирде өтіп, сақталады. Талапкерлер кез келген уақытта оларды қайта қарай алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді